Category: Uncategorized

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Бас хатшысы Әсемгүл Қапаровамен өткен кездесу барысында НЗМ директоры Мүнкеева Гүлмира Бақытбекқызына және Зияткерлік мектептің ЮНЕСКО клубына «ЮНЕСКО-ның 2021 жылғы қарқынды дамып келе жатқан клубы»номинациясы табысталды. ЮНЕСКО мектеп клубының жетекшісі Есенғазы Тұралин қонаққа сөз бере отырып, оқушыларға ЮНЕСКО жобаларына белсенді қатысқаны үшін, оқушылар қауымдастығы арасында клубтың […]
💫 Алматы қаласы ХББ НЗМ оқушылары көктемнің алғашқы күндерінде «Күшіміз-бірлікте» атты жаңа әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды бастады.Педагог-ұйымдастырушы-куратор Хадесова Жанна Елемесқызы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған Алматы қаласының №4 арнайы мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен 8-ші сыныбында кураторлық сағат өткізді. Алғашқы кездесу балаларды бір-бірімен таныстыру және одан әрі ынтымақтастық үшін ортақ алаң құруға арналды.Шақырылған балалар ерекше […]
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бүгін көктемнің аса шуақты күндерінің бірі болды.Біліморданың құрметті қонақтары ретінде педагогтардың, қызметкерлердің аяулы да қымбатты аналары шақырылды. НЗМ директоры Гүлмира Мүнкееваның бастамасымен ұйымдастырылған шара мектеп табалдырығынан гүл шоқтарымен қарсы алудан және арнайы мерекелік фотосессиямен басталды. Алғаш рет аналар біліморда төріне шақырылып, ұл-қыздарының жұмыс орнын көріп, қызметтес әріптестерімен танысты. […]
Тіршілік оянатын, табиғат гүлденетін, әжелеріміздің, әсем қыздарымыздың 8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Білім орда сахнасында ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен оқушы, оқушы мен әпкесі/ағасы жұп болып өнер көрсетті. «Екі жұлдыз» байқауын өткізудегі басты мақсат – «Қазақтың 100 әні» жобасын жандандыра отырып, мұғалім – оқушы […]
Қарасай ауданының мектептеріне тәжірибе тарату семинары өткізілді. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары директордың орынбасары Сайран Сембаеваның жетекшілігімен Қарасай ауданының Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебіне тәжірибе тарату мақсатымен барып қайтты. Зияткерлік мектептің химия, биология, ағылшын тілі мұғалімдері Бесенбаева Г.С, Арыстанова Г.А.,Казыбекова С.К., Сапарбаева П.М., Қасым А.Т «Білім алушылардың қажеттілігін канағаттандырудағы табысты оқыту […]
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Републикалық сайыстан жүлделі орындармен оралдыАлматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында үздіктер қатарынан табылып, 4 жүлделі орынға ие болды: Химиктердің жеңісін 10”В”сынып оқушылары Аружан Тураш пен Айгерім Шақанова тағы бір қола медальдермен толықтырды. (жетекшілері Ш. Абишева мен Н.Джапашов). Жетекшілері мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болып, анатомиялық мұражайды тамашалады. «Мұнда өлілер тіріге көмектеседі» деп аталатын анатомия кафедрасында бальзамдалған немесе формалин қосылған шыны ыдыстарда сақталған мұражай экспонаттарын көруге болады. Экскурсияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу болды. Экскурсияда болашақ дәрігерлер […]
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Білімді ел» редакциясындағы кездесуге республикалық басылымның арнайы тақырып аясындағы шығарылым себеп болды. «БЕ» бас редакторы Ләззат Түркістановамен болған сұхбат барысында Атырау облысының білім беру жүйесін дамытуға үлес қосуды көздейтін жобаның жай-жапсары туралы айтылды. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/Ty_wt0L9q3E
Қазақстанда қандай деструктивті діни ағымдар бар және олар қандай идеяларды насихаттайды? Оларды қалай тануға және өздерін және жақындарын деструктивті діни ағымдардың теріс әсерінен қорғауға болады? Бүгінгі таңда осы саладағы білімді кеңейту өзектілігі аса зор. Дәстүрлі исламды деструктивті ағымдар мен идеялардан қалай ажыратуға болады ? Осы тақырыпта Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11,12 сынып […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS  ата-аналар университетінде кезекті онлайн-сессияны өткізді. Осы жылдың бірінші сессиясы аясында барлық сыныптардың ата-аналарына арналған вебинарлар мектеп пен отбасының ынтымақтығы,  бала  тәрбиесінің қыр-сырлары, жанжалды жағдайлардың алдын алу, заманауи жасөспірімдерді тәрбиелеудің ерекшеліктері, адамгершілік-этикалық және моральдық кодексті сақтау сынды  балаларды тәрбиелеудің өзекті тақырыптарына арналды. Қазіргі жоғары сынып оқушыларының құндылық бағдарларын 11-12 сынып ата-аналары […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте өткен педагогикалық кеңес аясында «Білім беру барысында оқушыларға  өмір құндылықтарын қалай дәріптеуге болады?» тақырыбында семинар өтті. – Бүгінгі күннің шындығы – әлеуметтік, саяси, идеологиялық сипаттағы күрделі сын-тегеуріндермен бетпе-бет келу. Осы тұрғыда оқушыларды сыртқы факторлардың жағымсыз әсерінен қорғау үшін, оларда тұрақты ішкі ұстанымды  қалыптастыру үшін оқыту арқылы өмірлік құндылықтарды дарытуға […]
NIS оқытушыларының кәсіби байқауы дәстүрлі түрде оқу жылының бірінші жартыжылдығын аяқтады. NIS-тегі «Жыл мұғалімі» байқауы жыл сайын педагогтердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін ынталандыру, олардың кәсіби мүмкіндіктерін барынша іске асыру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау және талантты ұстаздарды анықтау мақсатында өткізіледі. Жарты жыл ішінде мектепішілік байқаудың 10 қатысушысы өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық ұстанымдарын, оқыту тұжырымдамаларын, жеке және оқушылардың […]
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Алматылық химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» атты   көшбасшылар форумы өтті.  Мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерін  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева құттықтады: – Биылғы дәстүрлі форум Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» ұраны NIS президенттерінің басты қағидаттарының бірі – командадағы […]
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеушілік экспедиция ізімен дүниеге келген жобалардың желілік байқауы өтті. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 25 оқушысы бақ сынады. 12 «В» сынып оқушысы Шыңғысбек Балғабай желілік байқаудың «Жасыл ғаламшар» бағытында 1-ші орынды жеңіп алып, жабылу рәсімінде жобасын тікелей эфирде ағылшын тілінде қорғап шықты.Зияткер «Өсімдіктердің ластануын бақылау жүйесін» іске […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  қазіргі заманның белгілі музыканты, әлемге әйгілі виртуоз-скрипкашы Марат Бисенғалиевпен кездесу болды. Кездесудің басты тақырыбы жақында Алматыда,  Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттің филармониясында әлемдік турне бастаған «Mission to Mars» симфониясының дүниежүзілік тұсаукесері болды. Кездесу барысында  оқушылар заманауи музыкалық құбылыстармен, музыканттың Абай, Шәкәрім шығармашылығына арналған жобаларымен танысты, қазақ музыкасының шетелде танылуы […]