NIS-те Аналар күні


Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бүгін көктемнің аса шуақты күндерінің бірі болды.
Біліморданың құрметті қонақтары ретінде педагогтардың, қызметкерлердің аяулы да қымбатты аналары шақырылды. НЗМ директоры Гүлмира Мүнкееваның бастамасымен ұйымдастырылған шара мектеп табалдырығынан гүл шоқтарымен қарсы алудан және арнайы мерекелік фотосессиямен басталды. Алғаш рет аналар біліморда төріне шақырылып, ұл-қыздарының жұмыс орнын көріп, қызметтес әріптестерімен танысты.

Зияткерлік мектеп директоры өз сөзінде аналарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Аналар арнайы дайындалған бейнебаян арқылы мектеп өмірімен, оның ішінде ұл-қыздары туралы шәккірттері, әріптестері айтқан жылы лебіздерімен танысты.
Аналар күні мектеп бойынша экскурсия және ақ дастархан басында тамашалаған думанды концертпен жалғасты.

Categories:

Конкурстық іріктеудің тікелей эфирі 2024 ж.
Трансляция конкурсного отбора 2024 г.

X