Мұражайдағы сабақ

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болып, анатомиялық мұражайды тамашалады. «Мұнда өлілер тіріге көмектеседі» деп аталатын анатомия кафедрасында бальзамдалған немесе формалин қосылған шыны ыдыстарда сақталған мұражай экспонаттарын көруге болады. Экскурсияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу болды. Экскурсияда болашақ дәрігерлер адамның ішкі құрылымымен танысты, ағзада болып жатқан көптеген процестер туралы және патологияның тудыратын себептер туралы білді. Мұражай экспонаттары мысалында оқушылар алғаш рет алкогольдің және басқа да психотроптық заттардың адам ағзасының әртүрлі мүшелеріне зиянды әсерінің нәтижесін көріп, ойландыратындай әсер алды.

Categories: