Наурыз кездесулері: теориядан тәжірибеге

🌱💎«Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбында өтіп жатқан дәстүрлі Наурыз кездесулерінің алғашқы екі күні осы саланың ғалымдары мен зерттеушілерінен мазмұны терең вебинарлар ұйымдастырылса, үшінші күні тәжірибелік бағыттағы шеберлік сағаттарға арналды.

🌱Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те Наурыз кездесулерінің қатысушылар тобына Қарасай ауданының Абай атындағы гимназия мектебі және А. Бұкарбайкызы атындағы қазақ орта мектебінен келген сегіз оқушы қосылды. Тәжірибелік бөлімді ұйымдастырып дайындаған информатика мен өнер кафедрасының жетекшісі Константин Варварин, информатика мұғілімі – Шақан Ясынжан және техноторий жетекшісі Айбек Қалабай.

Наурыз кездесулерінің тақырыбы аясында ТОПОГРАФИЯНЫ ӨЛШЕУ ҮШІН ПИФАГОР ТЕОРЕМАСЫН пайдаланып STEM жобаны іске асыру бағытында оқушылар жұпқа бөлініп роботтарды жасақтады.

-Оқушылар Excel программасында аралдық ұлттық паркіне арналған бастапқы тасымалдау жоспарын құру үшін картоннан және LEGO кірпіштерінен өлшеуқұралдарын жасады. Содан кейін олар Пифагор теоремасын қолдану арқылы жолды жобалап Paint 3D программасына топографиялық элементтерді қосып ұлттық парк жобасын жасақтады. Бұл екі- үш саланы біріктерген STEM-жобасы болып табылады. Оқушылар бұл тапсырманы сәтті орындап шықты,- деді шеберлік сағатты өткізген информатика пәні мұғалімі Ясынжан Шақан.

– Бір территорияның топографиясын өлшеу бізге өте қызықты болды.Қолымыздан роботтарды, құралдарды жасау арқылы біз өзіміз үшін робототехника әлеміндегі жаңа бағытарды аштық. Қиын болғанымен, нәтижеге келгеніміз бізді қуантты,- деп бөлісті Алматы облысы Қарасай ауданының Абай атындағы гимназия мектебінің 10-шы сынып оқушысы Ардақ Қалмаханова.

Categories: