Тәжірибе тарату семинары – облыс мектептеріне

Қарасай ауданының мектептеріне тәжірибе тарату семинары өткізілді.

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары директордың орынбасары Сайран Сембаеваның жетекшілігімен Қарасай ауданының Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебіне тәжірибе тарату мақсатымен барып қайтты. Зияткерлік мектептің химия, биология, ағылшын тілі мұғалімдері Бесенбаева Г.С, Арыстанова Г.А.,Казыбекова С.К., Сапарбаева П.М., Қасым А.Т «Білім алушылардың қажеттілігін канағаттандырудағы табысты оқыту мен құзырлы мұғалімнің орны» тақырыбында педагогикалық әріптестік семинарды өткізді. Биология пәні мұғалімі Арыстанова Г.А. «Сабақтағы зерттеушілік әрекеттен білім алушының нақты зерттеу жұмысына дейін» тақырыбында оқушыларды зерттеу жұмысына тартып, жаңашыл, инновациялық көзқарасты қалыптастыру мен жоба жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту жолдарымен бөлісті.

Зияткерлік мектеп мұғалімдері биология, ағылшын тілі, химия сабақтарына қатысып, әріптестерінің жұмысын бақылады. Кері байланыста сабақты жан-жақты талдап, мұғалімдердің жоспарлауын, топтық жұмыс, қолданған ресурстарын, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін оң жағынан бағалап, жалпы нұсқаулар мен ұсыныстарын айтып өтті. Орта мектептің оқытушылары өткізілген семинарға алғыс білдіріп, Зияткерлік мұғалімдерден тәжірибе таратуды жалғастыруына ниет білдірді.

Categories: