Ата-аналар университеті: Z ұрпағын тәрбиелеудегі жаңа трендтері

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS  ата-аналар университетінде кезекті онлайн-сессияны өткізді.

Осы жылдың бірінші сессиясы аясында барлық сыныптардың ата-аналарына арналған вебинарлар мектеп пен отбасының ынтымақтығы,  бала  тәрбиесінің қыр-сырлары, жанжалды жағдайлардың алдын алу, заманауи жасөспірімдерді тәрбиелеудің ерекшеліктері, адамгершілік-этикалық және моральдық кодексті сақтау сынды  балаларды тәрбиелеудің өзекті тақырыптарына арналды.

Қазіргі жоғары сынып оқушыларының құндылық бағдарларын 11-12 сынып ата-аналары талқылады. Химия пәнінің мұғалімдері Венера Манашева мен Гүлмира Алмабекова ата-аналардың назарын азаматтық тәрбиеге, оның ішінде  заңға құрметпен қараудың маңыздылығына, ел тарихын, халықтың, сондай-ақ жеке отбасының дәстүрлерін  дәріптеуге аударды.

Сондай-ақ, жеке тәрбие бойынша құнды кеңестер айтылды:

– Балаңызбен сөйлескен кезде оның оқу және психологиялық мәселелерін ғана емес, сонымен бірге оның өмірінің жағымды жақтарын да бағалауға тырысыңыз (оған кім көмектеседі және қолдау көрсетеді, кіммен достасқысы келеді және неге, сабақта және одан кейін қандай қызықты сәттер болды).

– Баланың өзін жағымды жағынан көрсетуге деген ұмтылысын қолдаңыз.

– Онымен бірге   Қазақстанның көрнекті тұлғаларының қоғам  дамуына  қосқан үлесін оң бағалай отырып, сол тақырыпта бағдарламалар мен фильмдерді қараңыз.

– Балаңызда немқұрайдылық танытпаңыз.

– Балаңызда позитивті эмоциялар көрсету қабілетін мүмкіндігінше ертерек ашыңыз, олар сіздің қартайған шағыңызда  болады.

– Күнделікті өмірде әр күнге қанағат тұтып, жағымды жақтарға аса назар бөліп, жақсы көңіл күйде болуға тырыссаңыз, балаларда реніш, пессимизмге берілмей, оң талпыныспен жетістіктерге жетеді

Вебинарда балаларды интернационалдық, патриоттық сезімге баулу, өзін-өзі бағалау , ішкі тәртіпті, мемлекетке және басқа да азаматтарға сенім мен құрмет сезімін дамыту, құқықтық, адамгершілік мәдениетімен танысу арқылы азаматтыққа тәрбиелеудің, азаматтық сананы қалыптастырудың ролі ерекше атап өтілді.

– Кіші Отан тақырыбы патриоттық тәрбие үшін өте нәтижелі, – деп атап өтті спикерлер, – баланы күнделікті қоршап тұрған ортадан, кейде тіпті байқамайтын жақын және нақты нәрседен бастауға болады. Олар өз тегінің тарихына қызығушылық танытсын, әкелері мен аталарының еңбегін құрметтесін. Біз өз қалаларымыз бен ауылдарымыздың өткеніне деген қызығушылықтың төмендеуін, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне немқұрайдылықты байқаймыз. Ата-аналар балалардың жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдауына, олардың адам өміріне деген құрметпен қарап, бағалауына аса назар аудару керек.

8,9 – 10 сыныптардың ата-аналарына арналған вебинар «Келісімге келу жолы немесе жанжалды қалай шешу керек»тақырыбына арналды. Сессияны мектеп психологтары Байгереева А.О., Тасанова А., математика мұғалімдері Смағұлова А. А., Жұманбаева З. Ж., Сақақов Ә. өткізді. Қатысушылар жанжалдың жағымды және деструктивті жақтарын қарастырды, ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қақтығыстардың себептерін талдады, жанжал жағдайындағы мінез-құлық түрлерін талдады, әйгілі американдық психолог Томас Гордонның ілімдері бойынша қақтығыстан шығудың алты қадамы туралы білді.

Алматы қаласындағы ХББ НЗМ-нің ата-аналар университетінде жыл бойы Z ұрпағын тәрбиелеудің пайдалы тақырыптарына арналған оқыту сессияларының циклі өтеді деп күтілуде.

Categories: