«Қарқынды дамып келе жатқан ЮНЕСКО клубы»номинациясы табысталды

💫🌱Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Бас хатшысы Әсемгүл Қапаровамен өткен кездесу барысында НЗМ директоры Мүнкеева Гүлмира Бақытбекқызына және Зияткерлік мектептің ЮНЕСКО клубына «ЮНЕСКО-ның 2021 жылғы қарқынды дамып келе жатқан клубы»номинациясы табысталды.

ЮНЕСКО мектеп клубының жетекшісі Есенғазы Тұралин қонаққа сөз бере отырып, оқушыларға ЮНЕСКО жобаларына белсенді қатысқаны үшін, оқушылар қауымдастығы арасында клубтың мұраттары мен миссиясын ілгерілеткені үшін алғысын білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас хатшысы ЮНЕСКО мектеп клубының мүшелерін федерацияның 2022 жылға арналған жобаларымен және тұжырымдамасымен таныстырып, оларды іске асыруына өз үлестерін қосуға шақырды.

– Алматы қаласының ХББ НЗМ ЮНЕСКО клубы 300-ге жуық оқушыны біріктіре отыр, Қазақстандық ұйымдардың ішіндегі ірі және ауқымдысы болып табылады . Біз ЮНЕСКО-ның жобалары зияткер оқушылардың ықыласына бөленгеніне қуаныштымыз және жыл бойы олар Қазақстан ЮНЕСКО-ның халықаралық конкурстарына, іс-шараларына, конференцияларына табысты қатысқанын мақтап айта аламыз. Осы жылы Зияткерлік мектеп оқушыларын Федерация іс – шараларының жеңімпаздары, жүлдегерлері және номинанттары қатарынан көреміз деп үміттенеміз, – деп атап өтті Әсемгүл Қапарова.

Алматы қаласындағы ХББ НЗМ клубына берілген номинация Зияткерлік мектеп тарихында бірінші болып табылады және ұйымның белсенділігі мен ЮНЕСКО-ның мәртебелі миссиясына адал қызмет ететінін білдіреді. Клубтың әрбір мүшесін, жетекшісін жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!

Categories: