Өзекті вебинар

Қазақстанда қандай деструктивті діни ағымдар бар және олар қандай идеяларды насихаттайды?

Оларды қалай тануға және өздерін және жақындарын деструктивті діни ағымдардың теріс әсерінен қорғауға болады?

Бүгінгі таңда осы саладағы білімді кеңейту өзектілігі аса зор. Дәстүрлі исламды деструктивті ағымдар мен идеялардан қалай ажыратуға болады ? Осы тақырыпта Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11,12 сынып оқушыларына арналған онлайн-вебинарлар өтті. Вебинарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Жанна Қаңтарбаева және философия магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану докторанты Руслан Сәрсембаев жүргізді.

Спикерлер жастар арасында алған  дінге көзқарастарын, діни мәселелер туралы ақпарат алу көздері туралы сауалнама нәтижелерін келтірді. Оқушылар деструктивті діни ағымдар мен ұйымдарды ерекшелейтін негізгі белгілері туралы, олардың мүшелері мен жетекшілерін дәстүрлі ислам дінін ұстанатын мұсылмандардан қалай ажыратуға болатындығы, деструктивті ағымдардың сыртқы белгілері туралы білді. Діни экстремизм, терроризм  және радикалды идеологияның алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру вебинары Қазақстан қандай зайырлы мемлекет екенін жеке қозғады. Спикерлер зайырлы қағидаттың артықшылықтары туралы және оны сақтау мен нығайтудың   қаншалықты маңызды екендігін егжей-тегжейлі және түсінікті түрде айтып берді.

Categories: