Республикалық олимпиаданың жүлделері

«ДАРЫН» республикалық олимпиадасының 7 жүлделі орны – Алматы ХББ НЗМ қоржынында💫💫

18-21 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен «ДАРЫН»Республикалық олимпиадасының ақтық кезеңіне Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 10 оқушы қатысты. Жалпы 2000-нан арта оқушы бақ сынаған білім додасының нәтижесінде біздің Зияткерлік мектеп командасы жеті жүлделі орынға ие болды.💫
Мектеп қоржынында- 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль.

I-ші орынды 9-шы сыныптар арасында Еңлік Бақытбекова жеңіп алып, алтын медаль иегері атанды. (жетекшілері Исаков Д. А., Абишева Ш. Ш.)

Күміс медальді мектеп қоржынына 11-сынып оқушысы Тамерлан Құдайбергенов әкелді. Тамерлан неміс тілінен желілік көрсеткішін бір сатыға көтеріп, 2-ші орынға ие болды. (жетекшісі Тохтарова Д.)

Қола медальге Зияткерлік мектептің 5 оқушысы қол жеткізді:
💫9 сынып оқушысы Әмір Айдын-география пәнінен (жетекшісі Жұмабаева Н.с.)
💫12-шы сынып оқушысы Анель Абетеева- неміс тілі (жетекшісі Жақыпова Р.Т.)
💫Санжар Галиев-9 сынып оқушысы, химия пәнінен (жетекшісі Исаков Д., Алмабекова Г.А)
💫Гали Ибрагимов- 10 сынып оқушысы, химия пәнінен (жетекшілері З. Б. Дильманова және Е. А. Сабиров)
💫Алина Нам-11 сынып оқушысы , ағылшын тілі (жетекшісі Жумаева Э. С.)

“Дарын” республикалық олимпиаданың финалистер қатарында 12 сынып оқушысы Әлішер Орынбек, 9 сынып оқушысы Бексұлтан Тойшыбеков, 10 сынып оқушысы Әйгерім Думанқызы бақ сынады.
Бұл жолы сайыскерлер өз білімдерін “Usyudy” орталықтарында электрондық форматта тексерді.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жетекшілерін айтулы жеңістерімен құттықтаймыз және келешекте де үлкен табыс тілейміз!

Categories: