Author: Admin

NIS-те  «Кәсіби оқыту қоғамдастығын дамыту: сапа  және тиімділігі» тақырыбында дәстүрлі  тамыз конференциясы бастау алды.   Бір алаңға жиналған NIS педагогтарының басты назарында  білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сонымен қатар негізгі құзыреттілікті қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, жаңа цифрлық платформаларды  оқу процесінде қолдану арқылы NIS Programm білім беру бағдарламасын  іске асыру және жетілдіру,  тәрбиелік технологияларды дамыту жолдарын […]
         2023 жылдың 14 – 21 маусым аралығында ҚР ҒжЖБМ АР 14872311 «Action Research сынды зерттеудің бейформалды формаларын тәжірибеге интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» жобасы шеңберінде Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы мұғалімі Дана  Байдильдинова  Кембридж университетінде (Ұлыбритания) біліктілігін арттырды. Оқыту семинарын […]
Алматылық химия және биология бағытындағы НЗМ-де ағылшын тілі апталығы аяқталды.  Ағылшын тілі апталығының күндері бүкіл мектеп қауымына ағылшын тілі әлеміне толықтай енуге мүмкіндік берді. Апталық тақырыптық квест-викториналарға, ашық сабақтарға, түрлі шараларға толы болды. Оқушылыр Brain party, MUN конференциясына белсенді қатысты, «Little women» спектаклінің тұсау кесері өтті, 7-8 сынып оқушылары ағылшын тілінде дебат өткізді. Апталық жарқын […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те оқушылардың бойларына заманауи икемді дағдыларды қалыптастыру мақсатында «Жас қанат» шаңырағы мен өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары кәсіпкер Телембай Темірлан және оратор-блогер Теменов Әлишермен кездесу өткізді. Кездесу қонақтары кәсіпкерліктің қыр-сырын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Әлеуметтік желі арқылы табыс табу, өз хоббиіңді бизнеске айналдыру жолдары, таргетинг, колоборация мүмкіндіктері оқушылардың қызығушылығын тудырды. – Қазіргі […]
🌱Алматы қаласындағы химия және биология бағытындағы NIS-тің 9«N»- сынып оқушылары аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ширек ғасырға жуық Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай мұражай үйіне саяхат жасады. Зияткерлер Дінмұхамед Ахметұлының үлгілі өмір жолы мен халқымыз үшін жасаған игілікті істерімен таныс болды. Мұражай Дінмұхамед Қонаевты […]
💫Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің «OZEN ECO-VOLONTEER’S» еріктілік клубы және Сұңқар шаңырағы «Qamqor charity» қоғамдық қорының төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері Анарбаева Багдат Бекболатқызымен кездесу ұйымдастырды. Зияткер- эковолонтерлер кездесу басында өздерінің атқарған іс-шаралары туралы баяндады. Алматы қаласының еріктілер қозғалысының басында тұрған Бағдат Бекболатқызы көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Қонақтың еріктілер жолында атқарған игі істерінің қатарында қала еріктілерінің, белсенділері […]
💫 Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Камилла Клим корей тілінен TOPIC (Test of Proficiency in Korean) емтиханын тапсыру бойынша үздіктер қатарына кірді. TOPIC-ке тыңдау, оқу, және жазу секциялары кіреді. Осы секцияларға сәйкес емтихан корей тілін түсіну қабілетін анықтайды.Камилла TOPIK-ті 5급6 /6 деңгейден 5 деңгейді/ тапсырып, 300 ұпайдан 218 ұпай жинады ,бұл ағылшын тіліндегі […]
Алматы химия-биология бағытындағы NIS оқушыларының «OfourA» командасы «DARYN FIRST Championship» робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың іріктеу турының жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. 9 «А» сынып оқушылары Омаров Арсен, Қосан Арлан, Аманкелдин Олжас, Елтай Әли және 9 «F» сынып оқушылары Альфия Байжақып «FIRST Lego League Challenge»бағытында үздік атанды. «UStem robotics» қоғамдық қоры , Қазақстан Республикасы Білім […]
             Алматы химия-биологиялық бағытындағы NIS-те оқу тоқсаннын бастаған педагогикалық кеңес аясында «Мектептегі білім беру жүйесінің практикасына кейс-менеджментті енгізу» тренингі өтті. Тренингті мектеп психологтары мен директордың орынбасары Лаура Қыздарбековадан құралған, ЮНИСЕФ және Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс мектебінің кеңесшісі Людмила Кимнен арнайы оқытудан өткен шығармашылық топ өткізді. Мұғалімдер мен кураторларға арналған тренинг тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, […]
Спартакиада жұлдыздарыАстана қаласында волейболдан өткен NIS спартакиадасында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар волейбол командасы II жүлделі орынды иеленді. Елордада үш күн аралығында өткен тартысты жарыста қыздарымыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді, команданы алға шығуына әр волейболшы өз үлестерін қосты.Команданы жарысқа дене шынықтыру мұғалімі Альфия Халитова дайындады.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те «Үздік мұғалім- 2022» мектепшіл байқауы дәстүр бойынша жылды қорытындылады. Екі айға жалғасқан  кәсіби сайысқа 10 мұғалім ниет білдірді. Алдыңғы кезеңдерден қорытындысы бойыншажылдық байқауға 6 үздік тәлімгер шықты. Байқау нәтижесінде  Бас жүлдені информатика пәнінің мұғалімі – Мұқанова Мақпал Абдусадыққызы жеңіп алып, жылдың үздік мұғалімі атанды. I орынды физика пәні мұғалімі Сандыбаев […]
Бүгін еліміздегі бір қатар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Samgau» алғашқы түлектер форумы өткізілді. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те тәжірибе мен біліммен бөлісу, кәсіби бағдар беру алаңында 600-ден астам түлектер мен оқушыларбас қосты. Жыл соңында өтіп жатқан айтулы оқиғаның басты ерекшелігі – өмірде өз орындарын тауып, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосып жүрген түлектер Зияткерлік мектеп оқушыларының мамандықты таңдау, […]
2022  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасы «Тірек мектептерінің әуелетін жоғарлату» жобасы, «Ауыл мектебін қолдайық» әлеуметтік акциясы, «BOOKCROSSING» жобасы аясында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде болып қайтты. 🌱Акция барысында «BOOKCROSSING» жобасы арқылы жинақталған 160 дана кітап, оның ішінде 65 қазақ, 88 орыс, 7 ағылшын тілдерінде көркем әдебиеттер мен ғылыми-танымдық […]
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік Күніне арналған концерт  «Нұр-Сазы» этно- фольклорлық оркестрдің орындауында  Құрманғазы  Сағырбайұлының  “Адай” күйімен басталды. –  Бұл күй – халықтың еркіндік жолындағы ерлікке толы күрестің ой-идеясын екпінді ұран түрінде шыққан күйлердің бірі,– деп жүргізушілер Құрманғазының күйлерінің шығу тарихын көрермендерге әңгімеледі. Күй, ән, өлең, би  шашу Тәуелсіздтіктің 31- жылдығына арналған […]
  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы «Мәдениет» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.  Диана ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Мақпал Мұқановамен «Қазақстан тарихы бойынша визуалды новелла» атты тарихты  зерттеуге арналған ойын-қосымша әзірледі. – Біз жобаны бір жылға жуық әзірледік. Ол көптеген функцияларды қамтиды және пайдаланушыларға өз елінің тарихын қызықты ойын арқылы зерттеуге […]