«Жылдың үздік мұғалімі-2021» анықталды

NIS оқытушыларының кәсіби байқауы дәстүрлі түрде оқу жылының бірінші жартыжылдығын аяқтады. NIS-тегі «Жыл мұғалімі» байқауы жыл сайын педагогтердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін ынталандыру, олардың кәсіби мүмкіндіктерін барынша іске асыру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау және талантты ұстаздарды анықтау мақсатында өткізіледі.

Жарты жыл ішінде мектепішілік байқаудың 10 қатысушысы өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық ұстанымдарын, оқыту тұжырымдамаларын, жеке және оқушылардың жетістіктерін көрсете білді. Өткізілген ашық сабақтардың, жеке көрмелер презентацияларының қорытындысы бойынша   бес мұғалім ақтық кезеңге өтті.

  «Мен жеке тұлғамын, Мен мұғаліммін» атты бірінші айналымда  әркім өзін таныстырып, кәсіби имиджін көрсетті, өз тәжірибесін талдай білді.

Мұғалімнің көшбасшылық әлеуетін проблемалық педагогикалық жағдайды шешуге арналған  екінші кезең ашып көрсетті. Қатысушылар рөлдік ойынға қолдау тобының мүшелерін тартты.

Байқауды көпшілік алдында сөйлеу мен  риторика дағдылары, өз ойларын   жеткізу қабілеті, сөйлеу құрылысының логикасы бағаланған шешендік   кезең  аяқтады.

Кәсіби сайыстың ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдерін атады.

Бас жүлде мен «Жылдың үздік мұғалімі-2021» атағын физика пәнінің мұғалімі Жаңыл Можанов жеңіп алды.

1-ші орын   иегері болып қазақ тілі мұғалімі Әйгерім Қуанышбаева атанды.

Биология пәнінің мұғалімі Күлшаш Қабылбек екінші дәрежелі дипломға  ие болды.

Жүлделі 3-ші орынды ағылшын тілі мұғалімі Эльмира Жұмаева және дене шынықтыру мұғалімі Нұрсұлтан Сабуров бөліп алды.

Алда өтетін желілік «Жыл мұғалімі» байқауында физика пәні мұғалімі Жалын Можановқа сәттілік тілейміз.

Categories: