Category: Uncategorized

NIS NAURYZ күнделігі   Қасиетті қазақ жерінде   әз Наурыз мерекесі биыл ерекше тойлануда.   Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен,   алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі биыл Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те он […]
NIS Желілік Олимпиадасы-2021 өз мәресіне жетті. Алматы қаласы ХББ NIS оқушылары 15 пәннен сайысқа түскен 700 үздік оқушылырдың арасынан 8 жүлделі орындарға ие болды. 10-шы сынып оқушысы Тамерлан Құдайбергенов неміс тілінен 1-орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Жетекші мұғалімі: Жакупова Р. 2-ші орынға 3 зияткер иеленді: 10-шы сынып оқушысы Алина Нам былтырғы жылғы нәтижесін қайталап, ағылшын […]
Алматы химия-биология бағытындағы NIS-те ақпан айы бойы ашық сабақтар айы болды Ашық сабақтар-бұл мұғалімнің кәсіби даму және тәжірибе алмасудың тиімді құралы, мұнда әр мұғалім өз сабағының режиссері десе болады. Ақпан айында өткізілген жалпы 80 ашық сабақ әртүрлі мақсаттарды камтыды: бейінді пәндер сабақтарында CLIL стратегияларын қолдану, математика және қоғамдық-гуманитарлық пәндер сабақтарында критериалды бағалау, менти өткізетін сабақтарда […]
Бүгін Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңесінің біріккен онлайн-отырысы өтті. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері – қала әкімінің орынбасары Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров, Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры жанындағы «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы» СЕО көшбасшысы Гүлмира Қорғанбаева, ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов, ҚР БҒМ ҒК «Жану проблемалары институты» РМК […]
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар! Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Тестілеудің өткізілетін күні қосымша хабарланады. Тиісті ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің ресми сайттары мен барлық интернет ресурстарында жарияланады.
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қарсаңында әр сыныпта шаңырақ сабақтары өтуде.  «Шымбұлақ» шаңырағының 10 «А» сынып оқушыларына куратор Айғаным Қалдыбай «”Елбасының дара жолы” тақырыбында онлайн-сабақ өткізді. Сабақта Елбасының өмірбаянына, тұлғалық қалыптасуының маңызды кезеңдеріне тоқтала кетіп, «Тұңғыш Президенттің жүргізген саясатының ұтымды бағыттары» сұрақ-жауап айдарында оқушыларды әңгімеге тартты. […]