Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS елімізде орын алып жатқан қиын жағдайда халықпен бірге болып, қайырымдылық көмек ұйымдастыруда.Су тасқыннан зардап шегіп жатқан аймақтарға мектеп ұжымы миллионға жуық қаражат жинады.
Оқушылар мен ата-аналар қауымдастығы қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырып, қолдан пісірген тамақ, тәттілер сатылды. Жалпы шарадан 926 520 теңге қаражат түсті. Ақшалай көмек Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберілді.
Сонымен қатар бір апта аралығында гуманитарлық көмек ұйымдастырылып, табиғи апатқа дұшар болған отандастарға қажетті киім-кешектер, жылы көрпелер, етіктер, гигиена тауарлары, ұзақ мерзімді азық-түлік, оның ішінде өсімдік майлар, макарон – жарма тағамдары, шай-сүт, қант, тұз, консервы, су, балаларға арналған киім, памперстер, т.б. бірінші қажетті тауарлар алынды. Зияткер- еріктілер тауарларды реттеп, үйлестіріп жіберуге ат салысты. Бір жүк машина гуманитарлық көмекпен Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектеп базасындаға жәрдем қабылдайтын орталыққа жеткізілді, және ата-аналар ақшалай 300 000 теңге көмегін облыстың су алып жатқан аймақтарына жанармаймен қамтамасыз ету мақсатына жіберді.