Зияткерлер Ұлыбританияға аттанады

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID жас робототехниктер командасы «Central Asia FIRST Championship -2024» халықаралық байқауының жүлдегері атанды.

2024 жылғы 23-25 ақпанда Астанада робототехникадан ең ірі аймақтық жарыс – Орталық Азияның FIRST чемпионаты өтті. Шараға Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркия сынды он елден 3000-нан астам мектеп оқушылары қатысты. Чемпионат үш негізгі жас санаты бойынша жарыстар өткізеді: FLL Explore (6-10 жас); FLL Challenge (10-16 жас); FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зиткерлік мектебінің PID командасы «FIRST Tech Challenge» (12-18 жас) категориясында III орынды жеңіп алды. Команданың құрамында: Парпиев Қанат, Қаныбекұлы Асылбек, Хафиз Нұрқасым, Қосан Арлан, Омаров Арсен, Елтай Али, Аманкелдин Олжас, Бекетбай Мирас, Садыкова Алия, Туматова Аянат, Қыдыралиқызы Айсулу. Зияткерлер чемпионаттың «Control Award winner» және «Finnalist Allience 1-st pick» номинацияларының иегері атанды. Сонымен қатар, сайыстың бас жүлдесінің бірі – UK First championship -2024 әлемдік жарысқа жолдаманы ұтып алды.

«FLL Challenge» категориясы бойынша Зияткерлік мектептен “Garage” топтың құрамында 8 оқушы қатысып, «Engineering Excellence Award» номинациясының иегері атанды. Оқушылар республика бойынша қатысқан 101 команданың ішінде үздік ондыққа кірді. Команда құрамында: 10 “А” сынып оқушылары Бейсенбай Айбек, Лаукен Арын, Нұрғали Нұрайым, Бекберген Назерке, Базарбай Арслан, 9 “L” сыныбынан Жұмадил Садихан, 9”С” сынып оқушысы Шаймұрат Құлпынай және 7 “Е” сыныбынан Данай Әмір.

Зияткерлерді және тренерлері- информатика пәнінің мұғалімі Шақан Ясынжан мен NIS Fablab меңгерушісі Қалабай Айбекті айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Categories: