Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қайрат» футбол клубының жаттықтырушылары шеберлік сыныбын өткізді. Бұл кездесу дене шынықтыру және спорт пәндік апталығының аясында өтті. Зияткерлік мектептің 7-9 сынып оқушыларына арналған футбол клубының тәлімгерлерінің сабағы жаңа түрлі комбинацияларды, ойын жүргізу техникасы мен тактикасын дәріптеген тәжірибелі алаң болды. 45 минуттың ішінде NIS футболшылары жұпта да, жеке топтарда […]
Алматылық химия-биология бағытындағы NIS-те 10-12 сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің доценті Дуйшон Шаматовпен кездесу өтті. NU-да профессор Білім берудегі көшбасшылық және зерттеу әдістері бойынша курстардан сабақ береді. Педагогикалық білім магистрі (Ага Хан университетінің білім беруді дамыту институты (AKU-IED) 2005 жылы Канададағы Торонто университетінің Онтарио білім […]
Алматылық NIS-те мыңнан астам зияткер жаңа оқу жылын бастады Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Білім күніне арналған мерекелік шараны мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева құттықтау сөзбен ашып, 1030 зияткерді білім күнімен құттықтады: – Биыл күрделі конкурстық іріктеуден өткен 200-ден астам жас өренді «Өркен» білім грантының иегерлері атануымен құттықтай отырып, мектеп […]
«ДАРЫН» республикалық олимпиадасының 7 жүлделі орны – Алматы ХББ НЗМ қоржынында💫💫 18-21 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен «ДАРЫН»Республикалық олимпиадасының ақтық кезеңіне Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 10 оқушы қатысты. Жалпы 2000-нан арта оқушы бақ сынаған білім додасының нәтижесінде біздің Зияткерлік мектеп командасы жеті жүлделі орынға ие болды.💫Мектеп қоржынында- 1 алтын, […]
«Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбында өтіп жатқан дәстүрлі Наурыз кездесулерінің алғашқы екі күні осы саланың ғалымдары мен зерттеушілерінен мазмұны терең вебинарлар ұйымдастырылса, үшінші күні тәжірибелік бағыттағы шеберлік сағаттарға арналды. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те Наурыз кездесулерінің қатысушылар тобына Қарасай ауданының Абай атындағы гимназия мектебі және А. Бұкарбайкызы атындағы қазақ орта мектебінен келген сегіз оқушы қосылды. […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Бас хатшысы Әсемгүл Қапаровамен өткен кездесу барысында НЗМ директоры Мүнкеева Гүлмира Бақытбекқызына және Зияткерлік мектептің ЮНЕСКО клубына «ЮНЕСКО-ның 2021 жылғы қарқынды дамып келе жатқан клубы»номинациясы табысталды. ЮНЕСКО мектеп клубының жетекшісі Есенғазы Тұралин қонаққа сөз бере отырып, оқушыларға ЮНЕСКО жобаларына белсенді қатысқаны үшін, оқушылар қауымдастығы арасында клубтың […]
💫 Алматы қаласы ХББ НЗМ оқушылары көктемнің алғашқы күндерінде «Күшіміз-бірлікте» атты жаңа әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды бастады.Педагог-ұйымдастырушы-куратор Хадесова Жанна Елемесқызы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған Алматы қаласының №4 арнайы мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен 8-ші сыныбында кураторлық сағат өткізді. Алғашқы кездесу балаларды бір-бірімен таныстыру және одан әрі ынтымақтастық үшін ортақ алаң құруға арналды.Шақырылған балалар ерекше […]
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бүгін көктемнің аса шуақты күндерінің бірі болды.Біліморданың құрметті қонақтары ретінде педагогтардың, қызметкерлердің аяулы да қымбатты аналары шақырылды. НЗМ директоры Гүлмира Мүнкееваның бастамасымен ұйымдастырылған шара мектеп табалдырығынан гүл шоқтарымен қарсы алудан және арнайы мерекелік фотосессиямен басталды. Алғаш рет аналар біліморда төріне шақырылып, ұл-қыздарының жұмыс орнын көріп, қызметтес әріптестерімен танысты. […]
Тіршілік оянатын, табиғат гүлденетін, әжелеріміздің, әсем қыздарымыздың 8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Білім орда сахнасында ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен оқушы, оқушы мен әпкесі/ағасы жұп болып өнер көрсетті. «Екі жұлдыз» байқауын өткізудегі басты мақсат – «Қазақтың 100 әні» жобасын жандандыра отырып, мұғалім – оқушы […]
Қарасай ауданының мектептеріне тәжірибе тарату семинары өткізілді. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары директордың орынбасары Сайран Сембаеваның жетекшілігімен Қарасай ауданының Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебіне тәжірибе тарату мақсатымен барып қайтты. Зияткерлік мектептің химия, биология, ағылшын тілі мұғалімдері Бесенбаева Г.С, Арыстанова Г.А.,Казыбекова С.К., Сапарбаева П.М., Қасым А.Т «Білім алушылардың қажеттілігін канағаттандырудағы табысты оқыту […]
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Републикалық сайыстан жүлделі орындармен оралдыАлматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында үздіктер қатарынан табылып, 4 жүлделі орынға ие болды: Химиктердің жеңісін 10”В”сынып оқушылары Аружан Тураш пен Айгерім Шақанова тағы бір қола медальдермен толықтырды. (жетекшілері Ш. Абишева мен Н.Джапашов). Жетекшілері мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болып, анатомиялық мұражайды тамашалады. «Мұнда өлілер тіріге көмектеседі» деп аталатын анатомия кафедрасында бальзамдалған немесе формалин қосылған шыны ыдыстарда сақталған мұражай экспонаттарын көруге болады. Экскурсияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу болды. Экскурсияда болашақ дәрігерлер […]
Қазақстанда қандай деструктивті діни ағымдар бар және олар қандай идеяларды насихаттайды? Оларды қалай тануға және өздерін және жақындарын деструктивті діни ағымдардың теріс әсерінен қорғауға болады? Бүгінгі таңда осы саладағы білімді кеңейту өзектілігі аса зор. Дәстүрлі исламды деструктивті ағымдар мен идеялардан қалай ажыратуға болады ? Осы тақырыпта Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11,12 сынып […]
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS ата-аналар университетінде кезекті онлайн-сессияны өткізді. Осы жылдың бірінші сессиясы аясында барлық сыныптардың ата-аналарына арналған вебинарлар мектеп пен отбасының ынтымақтығы, бала тәрбиесінің қыр-сырлары, жанжалды жағдайлардың алдын алу, заманауи жасөспірімдерді тәрбиелеудің ерекшеліктері, адамгершілік-этикалық және моральдық кодексті сақтау сынды балаларды тәрбиелеудің өзекті тақырыптарына арналды. Қазіргі жоғары сынып оқушыларының құндылық бағдарларын 11-12 сынып ата-аналары […]
NIS оқытушыларының кәсіби байқауы дәстүрлі түрде оқу жылының бірінші жартыжылдығын аяқтады. NIS-тегі «Жыл мұғалімі» байқауы жыл сайын педагогтердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін ынталандыру, олардың кәсіби мүмкіндіктерін барынша іске асыру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау және талантты ұстаздарды анықтау мақсатында өткізіледі. Жарты жыл ішінде мектепішілік байқаудың 10 қатысушысы өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық ұстанымдарын, оқыту тұжырымдамаларын, жеке және оқушылардың […]