ТІРЕК МЕКТЕБІНДЕ NIS «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2024» байқауын өткізді

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімдері Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш кентінің Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебіне оқытушылардың методикалық әуелетін күшейту мақсатындағы семинарлар легін жалғастыруда.

Кезекті семинар барысында тірек мектебінің мұғалімдері арасында «Жылдың үздік мұғалімі – 2024» байқауы өткізілді. Осымен екінші рет ұйымдастырылған шараға мұғалімдер аса белсенділік танытып, педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуеттерін көрсетуге тырысты.

Зияткерлік мектебінің педагогтары қазылар алқасы ретінде мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысып, қойылған критерийлері бойынша бағалады. Әрбір қатысушы интерактивтілікке, оқытудың тиімділігіне және оқытудың әртүрлі нысандары мен белсенді әдістері арқылы барлық оқушыларды оқу процесіне тартуға баса назар аудара отырып, өз пәні бойынша сабақ ұсынды.

«Мен тұлғамын, мен мұғаліммін» кезеңінде қатысушылар өзін-өзі таныстырып, жеке тұлғалық ұстанымындарын, кәсіби имиджін және оқыту тұжырымдамасын көрсете білді.

«Педагогикалық жағдайят» айналымында қатысушылар оқыту барысында кездесетін педагогикалық кейстерді шешу жолдарын рөлдік ойын, қойылым арқылы жеткізді.

Барлық қойған талаптарға сай болып, жоғары баға алған мұғалімдер Гран-при, I, II, III орын иегерлері атанды:

Гран-при – Ерназарова Тұрдыгүл- қазақ тілі мұғалімі

1 орын – Дәулет Ылғар- тарих мұғалімі

2 орын- Бекетова Ақжарқын Асановна –биология пәнінің мұғалімі

Тлеубердиева Зауреш Исабековна- орыс тілі пәнінің мұғалімі

3 орын- Тұрсынбек Гүләрә- математика пәні мұғалімі

Танирбергенова Арман Абилтановна -ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Амиров Арнат- тарих пәнінің мұғалімі

Алғыс хат – Доумчариева Ұлжан Есенқызы- информатика пәнінің мұғалімі

Бекмуратова Гаухар Аскербековна- тарих пәнінің мұғалімі

Уразова Фарида Джумаевна – физика  пәнінің мұғалімі

– 2023 жылғы байқаумен салыстырсақ мұғалімдердің деңгейі айтарлықтай көтерілген, шығармашылық, академиялық бағытта жаңа белестерге шыққандарын байқауға болады,- деп атап өтті NIS мұғалімдері.

Categories: