NIS сарапшы мұғалімі авторлық құқыққа ие болды

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы мұғалімі Байдильдинова Дана Қалқақызы стратегиялық серіктестік аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірге іс-әрекеттегі зерттеу  (Action research) тәсілін жоғары оқу орнына енгізуде. Мақсаты  – зерттеудің Action Research сынды бейресми түрлері арқылы жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру.

Action Research педагогтердің тәжірибесін өзгертумен қатар, тәлім алушылардың да білім сапасын көтеруге ықпал етеді. Мектеп-университет педагогтерінің әрекеттесуі барысында жас ізденушілерге семинар, тренинг, білім жетілдіру курстары ұйымдастырылып, іс-әрекеттегі зерттеудің  теориясы мен практикасынан бағыт-бағдар берілуде.

Осылайша, жас ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттарға арналған «Action Research – педагог-зерттеуші моделін қалыптастыру негізі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (80 сағат) авторлық құқықтық куәлігіне ие болды.

Categories: