Тамыз конференциясы-2023:

NIS-те  «Кәсіби оқыту қоғамдастығын дамыту: сапа  және тиімділігі» тақырыбында дәстүрлі  тамыз конференциясы бастау алды.

  Бір алаңға жиналған NIS педагогтарының басты назарында  білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сонымен қатар негізгі құзыреттілікті қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, жаңа цифрлық платформаларды  оқу процесінде қолдану арқылы NIS Programm білім беру бағдарламасын  іске асыру және жетілдіру,  тәрбиелік технологияларды дамыту жолдарын іздеу болмақ. Тақырыптық және пленарлық сессияларының тәжірибелік онлайн-алаңында  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің  география пәнінің мұғалімі Назерке Жұмабаева, физикадан мұғалім – сарапшы   Ербол Сандыбаев негізгі құзыреттілікті қалыптастыру бағытында өз пәндерінде қолданып іске асырып жүрген замануи тәсілдерін ортаға салды.

Оқушылардың әл-ауқатын арттыру  үшін мектеп қоғамдастығында тәрбие жұмысын дамыту бағыты арнайы  сессияларда кеңінен талқыланды. Осы алаңда Зияткерлік мектебіміздің  педагог-куратор-ұйымдастырушысы Айгерім  жатақхана қоғамдастығында туындайтын мәселелерге тоқталды.

Конференция шеңберінде «Сәтті тәжірибелер панорамасы» көрмесі жұмысын бастады.  Бұл алаңда мұғалімдер өздерінің үздік  бейнекейстерін әріптестеріне ұсынады. Байқауға Алматы қаласындағы ХББ НЗМ-нан   Жұмабаева Н., Мұқанова Ж. Тәукебаева Г., Темірхан Б., Абишева Ш., Алмабекова Г.,   Чакенов Е., және Сембаева С., Естепбергенова Г., Попкова С., Арыстанова Г., Халитова А. –дан құралған зерттеу тобы қатысуда. Конференцияның соңғы күні онлайн дауыс беру арқылы NIS-тің  ең үздік педагогикалық тәжірибелері анықталады.

Конференция офлайн-форматында Түркестанда жұмысын жалғастырады.

Categories: