КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

         2023 жылдың 14 – 21 маусым аралығында ҚР ҒжЖБМ АР 14872311 «Action Research сынды зерттеудің бейформалды формаларын тәжірибеге интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» жобасы шеңберінде Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы мұғалімі Дана  Байдильдинова  Кембридж университетінде (Ұлыбритания) біліктілігін арттырды.

Оқыту семинарын профессор Элейн Уилсон өткізді. Мақсаты Action Research сынды бейформалды зерттеу формаларын интеграциялау арқылы оқытушылардың зерттеушілік белсенділіктерін дамытудың теориясы мен технологиясы бойынша білім алу.

Қатысушылар тиімді білім беру өзгерістерін ұйымдастыру, оқытушылардың өз тәжірибесін зерделеудегі жауапкершілігін арттыру, педагогикалық мәселелерді диагностикалау және зерттеу, Action Research пен Lesson study айрмашылығын түсіну, зерттеудің негізгі формаларының жіктемелерін әзірлеу тақырыптары бойынша өз білімдерін тереңдетті. Сондай-ақ, қатысушылар педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері, Action Research арқылы оқытушылардың зерттеу белсенділігін арттыру тұжырымдамасының құрылымы мен мазмұны, Action Research зертханасының жағдайы, жыл бойы жүйелі түрде өткізген әдіснамалық семинар мен тренингтер туралы айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

         Профессор Элейн Уилсон Scopus халықаралық деректер базасына енгізілген халықаралық деңгейдегі журналдарға қойылатын негізгі талаптар бойынша мәлімет берді. Семинар соңында Элейн Уилсон қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, сертификаттар табыстады. 

Categories: