NIS мұғалімдері халықаралық сахнада

Осы күндері әлем мұғалімдерінің назары Голландияда өтіп жатқан WALS-2023 кезекті халықаралық конференциясында. Дүниежүзілік сабақтарды зерттеу қауымдастығының (WALS) мақсаты-оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарды зерттеу саласындағы зерттеулер мен тәжірибелерді ілгерілету, дамыту. Конференция зерттеу саласындағы ынтымақтастық, өз мүшелері арасында тәжірибе алмасу үшін кәсіби алаң ретінде қызмет етеді.

Конференция жұмысына Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тің зерттеуші-мұғалімдер тобы Лаура Қыздарбекова, Гүлжахан Арыстанова, Жеңісбай Қабаржан, Эльзира Торғаева қатысуда. Зерттеуші мұғалімдердің арасында күтілетін форумына 29 елден 400-ден астам делегат жиналды.
Алматылық мұғалімдер конференцияның бірінші күні “Биология сабақтарында PBL әдісі бойынша күрделі сұрақтар арқылы 9-сынып оқушыларының талдау дағдыларын дамыту” тақырыбындағы авторлық зерттеулерін баяндап көрсетті. Зерттеу барысында мұғалімдер PBL әдісін қолдану арқылы білім сапасын қалай жақсартуға болатынын дәлелдеді.
Мұғалімдердің зерттеулері аудиторияның қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтар қойылды.
Қазақстан делегациясының құрамасы конференцияда қатысушы мұғалімдер санымен ерекшеленді.

WALS-2023 сабақтарын зерттеу жөніндегі халықаралық конференцияның екінші және үшінші күні   пленарлық сессияларға, маңызды кездесулерге толы болды. Қауымдастық құрамына білім беру саласындағы белгілі зерттеушілер кіреді. Конференция аясында LS құрылтайшыларымен кездесулер өтті. WALS Президенті Кэтрин Льюис Lesson Study – ді енгізудегі қазақстандық тәжірибе оның тәжірибесіндегі ең үздіктердің бірі екенін мойындады:

– Мені WALS конференцияларында жыл сайын педагогтар жаңашылдықтарымен таң қалдырады. Ал Қазақстан шынымен де сабақты зерттеу бойынша ауқымды және табысты жұмыс көрсетіп келеді, және бұл конференция сабақты зерттеу тәсілін одан әрі іске асыру үшін жақсы мектеп болады деп ойлаймын.

Конференцияға қатысқан NIS мұғалімдері Лаура Қыздарбекова, Гүлжахан Арыстанова, Эльзира Торғаева , Жеңісхан Қабаржан  сонымен қатар  Питер Дадли-PhD, Ұлыбританияның Лестер университетінің құрметті профессорымен жүздесті. Сабақтарды зерделеу жөніндегі альянстың Директорлар кеңесінің президенті Такахаси Акихиконың қазақстандық мұғалімдер абстрактілерінің саны жыл сайын артып келе жатқанын, сондықтан WALS 2024 жылғы конференцияда жергілікті қазақстандық мұғалімдердің мүмкіндігінше көп зерттеу тәжірибесін ұсынуға мүмкіндігі болуы өте маңызды екенін атап өтті.

– Дүниежүзілік сабақтарды зерттеу қауымдастығы әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерге, басшыларға және зерттеушілерге арналған бірегей алаң болып табылады, мұнда әркім өз мектебінің жаңалықтарымен, тәжірибелерімен бөліседі.  Біз  жан-жақтан жиналған әріптестеріміздің зерттеу жұмыстарының ұтымды тұстарымен таныстық, жаңа идеялар туындап,  зерттеулеріміздің жаңа шабытпен жалғастыруға ынталандымыз,– деп бөлісті Алматы қаласындағы химия-биология  бағытындағы NIS директорының орынбасары Лаура Қыздарбекова. Қазақстан делегациясының құрамасы конференцияда қатысушы мұғалімдер санымен ерекшеленеді. Бұл NIS педагогтарының оқу процесінде Lesson Study әдісін қолданудың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі десе болады.  WALS конференциясы 2024 жылы Қазақстан астанасында өтеді деп күтілуде.


Categories: