Day: Мамыр 2, 2024

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те дәстүрлі Ғылыми идеялар фестивалі өткізілді. Осымен жетінші рет өткізіліп отырған ғылыми додаға 85 жоба іріктеліп алынды.  Зияткерлердің өнертабыстарын  оңтүстік астананың беделді жоғары оқу орындарының профессорлық құрамынан, PhD ғалымдарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Фестивалдің құрметті қонағы ретінде танымал микробиолог, «ЭКОМЕД» медициналық орталығының қалаушысы, Зияткерлік мектебінің Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Салтанат Байқошқарова шақырылды. […]