Балхаш ауданындағы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында   «Үздік мұғалім -2024» байқауы өткізілді

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің  мұғалімдері  Алматы облысы  Балхаш ауданындағы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында NIS тәжірибесін тарату мақсатында кезекті тағылымдаманы өткізді.   Семинар  «Оқыту тәжірибесін жетілдіру оқушылардың білім алуының маңызды факторы болып табылады» тақырыбына арналды.

    NIS педагогтары Себепбаева Б. Л. Карагулова Г.Б., Дауленбаева Г.У., Таубалдиева А. Т., Кауменова А.А.«Әртүрлі стратегиялар мен әдістерді қолдану арқылы оқыту тәжірибесін жетілдіру»  сессия-практикумын жүргізді.

Куратор-педагогтар Өтеген Ж.Е, Базарбай Г.М. әріптестерін оқу жылының соңында өзекті болып табылатын тәрбие жұмысының «Ата-ана жұмысында – 1 күн”, «10 күн өндірісте”, «Екі апта ауылда» әлеуметтік тәжірибелерімен таныстырды.

Семинардың екінші жартысы  Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімдері арасында  өткізген «Үздік мұғалім- 2024» байқауына арналды.  Ауыл мектебінің пән мұғалімдері өз салалары бойынша ашық сабақтарын жүргізіп, өздерінің педагогикалық дағдылары мен оқыту әдістерін көрсетті. Әрбір қатысушы интерактивтілікке, оқытудың тиімділігіне және оқытудың әртүрлі нысандары мен белсенді әдістері арқылы барлық оқушыларды оқу процесіне тартуға баса назар аудара отырып, өз пәнін жоғары деңгейде өткізуге тырысты. Байқаудың  ашық сабақтарымен қатар «Мен тұлғамын, мен мұғаліммін»  қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы және  «Педагогикалық жағдайят» кезеңдерінің қорытындысы бойынша мектеп-гимназияның үздік мұғалімі анықталып, жүлдегерлердің есімдері аталды. Үздік мұғалімдерді Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS директорының орынбасары Сайран Сембаева құттықтап арнайы дипломдарын табыстады.  

Categories: