Педсовет назарында ментор мен менти институтының дамуы

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те үшінші тоқсанның қорытындысына арналған педагогикалық кеңес өтті.

Кеңестің 2-ші бөлімінде Зияткерлік мектепте кеңінен қойылған ментор мен менти институтының дамуы талқыланды.

Тәлімберуші мен тәлімгер арасындағы қарым-қатынас қандай әдістерге негізделген, ынтымақтастық пен өзара дамудың жолдары қандай, уақыт талабына қарай қандай жаңа технологияларды пайдалануға болады- осы және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

Мұғалімдер креативтік дағдыларын ортаға салып, кішігірім қойылымдар арқылы тәлімгерліктің тәсілдерін жан-жақты көрсете білді.

– Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ментор мен менти институты үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Жас мұғалімдер келгенде қандай болды, арада 4-5 айдың ішінде дәрежелері, кәсіби дағдылары өскенін байқауға болады. Алда да ынтымақтастықты нығайтып, жаңа биіктен көрініңіздер деп тілеймін,-деп атап өтті NIS директоры Гүлмира Мүнкеева.

Categories: