Зияткерлер желілік ғылыми жобалар байқауында жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-те желілік ғылыми жобалар байқауы өтті.

NIS директоры Гүлмира Мункеева гуманитарлық және әлеуметтік бағыттағы байқаудың сайыскерлерін құттықтап, алдағы ғылыми ізденістеріне сәттілік тіледі.
Астанада аяқталған жаратылыстану-математикалық бағыттағы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де аталды.
Екі бағыт бойынша Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары 8 жүлделі орынға ие болды:

I орынға «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» бағыты бойынша физика бөлімінде 11 сынып оқушылары  Мағжан Исламбек пен Арыстан Еркін ие болды және «Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау» бағыты бойынша  11-сынып оқушысы Богдан Миронов, «Үйді көміртегі тотығынан  қорғау және тазарту» жобасымен жеңімпаз атанды.


II орынды ағылшын тілі бөлімінде  9-сынып оқушылары Арайлым Орал, Алима Бағланқызы алды. 
ІІІ орын иегері болып  5 жобаның авторлары атанды :

«Таза табиғи орта – адам дамуының негізі» бағыты бойынша  Айгерім Шақанова, Аружан Тұраш, 10 сынып оқушылары,  
биология секциясынан  10 сынып оқушылары Камила Шақым, Аяла Мұхамеджан, 

«Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау» бағыты бойынша 10 сынып оқушылары Айдаров Даниял, Жұмадиллаев Шоқан ,

10 сынып оқушысы Әйгерім Думанқызы, «Туған жерім-тұғырым» эссе байқауында
және 10-сынып оқушылары Адиям Надырова, Тоғжан Сіргебай  «Селт еткізер ерен ой» –  шығармашылық бағытында.

Categories: