STEM Халықаралық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Қанат Парпиев пен Асылбек Қаныбекұлы жүлделі II орынға ие болды

Зияткерлердің айтулы жетістіктері💫🏆🏆

Елордада қарашаның соңында өткен STEM Халықаралық олимпиадада алматылық химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11«В»-сынып оқушысы Қанат Парпиев пен 11«А»- сынып оқушысы Асылбек Қаныбекұлы жүлделі II орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді .

500-ге жуық жоғары сынып оқушыларын бір алаңға жинаған тартысты дода екі кезеңнен тұрды.
Қазақстан, Ресей, Өзбекстаннан келген 250 команда бірінші күні робототехника мен физикадан сайысқа түсті, екінші күні математика мен бағдарламалау саласында бақ сынады.

Зияткерлер жалпы есеппен үздік үштікке кіріп , Астанадан күміс медальмен және естелік сыйлықтармен оралды.

Жетекшілері: информатика пәні мұғалімі Ясынжан Шақан, фаблаборатория меңгерушісі Айбек Қалабай.

Categories: