Олимпиада жеңімпаздары

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Еңлік Бақытбекова – XXIX халықаралық TUYMAADA олимпиадасының жеңімпазы, алтын медаль иегері.

Республика күні қарсаңында Республикалық білім олимпиадасында Еңлік жетістігін қайталап , химия пәнінен Зияткерлік мектеп қоржынын тағы бір алтынмен толықтырды.

— Олимпиадалардағы жеңісім – менің және мұғалімдерімнің қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін,– деп санайды дарынды оқушы.

Categories: