NIS оқушысы Мауленова Эльдана «Елбасы» медалінің иегері атанды

Жас қазақстандықтарға арналған ауқымды челлендж үміткерлерге жеті өзекті бағыт бойынша дамуға шақырады. Қатысушылар болашақ дағдыларды игеріп, мақсат қоюды, уақытын ақылмен пайдалануды, басқаруды үйренеді.

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің 9 «D» сынып Эльдана Мауленова Қазақстан бойынша 1796 медаль иегерлерінің қатарынан табылды:

–– Бұл жобаға қатысқаныма, медаль иегері атанғаныма қуаныштымын! «Елбасы» медалі жобасы маған түрлі дағдыларды үйренуге, «soft skills» дағдыларын дамытуға, мақсаттарды дұрыс қоюға, уақытты тиімді пайдалануға, жаңа таныстықтардың орын алуына үлкен септігін тигізді. 5 бағыт бойынша тапсырмаларды орындап, бастапқыда қойған барлық мақсаттарыма жеттім.

Categories: