Өзін-өзі басқару ұйымы президентінің инаугурациясы

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті сайланды.

Президентті ресми түрде бекітуге арналған салтанантты жиынға мектеп қауымдастығы , оның ішінде әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар жиналды.

Сайлауға түскен 5 қалаулы үміткердің ішінде 11”L” сынып оқушысы Жания Қасен айтарлықтай басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

– З00 мұғалімдер, 1000-нан аса оқушылар өз таңдауын жасады. Жания Қасенге мектеп президенті болу жолында берген бағдарламасын толықтай іске асыруын тілейміз. Президент пен командасы мектеп құндылықтарын басқа алып, біліморда өміріне креативтік іс-шараларымен жаңа серпін береді деп сенеміз, – деді Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Лаура Қыздарбекова.

Зияткерлік мектептің 2021-2022 оқу жылының президенті Жанибек Токмурзин сөзінде бір жылда ауқымды шараларды бірге іске асырған командасына жоғары баға беріп, қолдау көрсеткен әкімшілік пен кураторор-координаторларға алғысын жеткізді.

Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жаңа сайланған президенті Жания Қасен жиналған қауымдастық алдында өз міндеттерін мектеп дамуы мақсатында атқаратынына ант берді.

Categories: