Республика күніне арналған сахналық тұсаукесер

Зияткерлер театрының тұсаукесері 🎭🎭

Алматылық химия-биология бағытындағы NIS-тің “Болашақ”шаңырағы
I-ші тоқсанның соңғы күні мектеп ұжымына жаңа сахналық қойылымды тарту етті.
Алғаш рет сахнаға актер кейпінде көтерілген 7”К” мен 11”В”-сынып оқушылары
25 Қазан Республика күніне орай туған жерге, Отанға сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін «Ғасырлар тебіренісі» атты қойылыммен жеткізе білді.

Спектакль еліміз ғасырлар бойы егемендікті аңсаған кезеңдерден бастап тәуелсіздікті ұрандатқан Декларация қабылданған айтулы оқиғаны қамтыды.

– Біз спектакльге дайындалғанда біраз тарихи оқиғаларды ақтардық. Тұлғаларды зерттедік. Қобалжыдық, бірақ сәтті шықты деп ойлаймыз,– деді қойылымнан кейін 11-ші сынып оқушылары Мағжан Исламбек, Азия Надырова,Қанат Парпиев.

Жас актерлердің сұранысымен сахнаға шыққан тарих пәнінің мұғалімі Асқар Маңқараев оқушылардың жобасына оң баға беріп, Зияткерлік мектептегі құндылықтарды сіңдірген оқушылар еліміздің нағыз патриоттары болатынына сенімдігін білдірді.

– Бүгін менің арманым орындалды десе болады. Оқушылар өздері сахналық қойылым шығарса деген мектеп ашылғаннан бері көкейімде жүрген ойым жүзеге асты. “Болашақ” шаңырағына алғыс білдіреміз, және бұл үлкен бастаманың алды болсын,- деп қорытындылады мерекелік шараны Зияткерлік мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева.

Categories: