Day: Қазан 21, 2022

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Еңлік Бақытбекова – XXIX халықаралық TUYMAADA олимпиадасының жеңімпазы, алтын медаль иегері. Республика күні қарсаңында Республикалық білім олимпиадасында Еңлік жетістігін қайталап , химия пәнінен Зияткерлік мектеп қоржынын тағы бір алтынмен толықтырды. — Олимпиадалардағы жеңісім – менің және мұғалімдерімнің қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін,– деп санайды дарынды оқушы.