Тәуелсіздік Күніне арналған концерт – NIS сахнасында

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік Күніне арналған концерт  «Нұр-Сазы» этно- фольклорлық оркестрдің орындауында  Құрманғазы  Сағырбайұлының  “Адай” күйімен басталды.

–  Бұл күй – халықтың еркіндік жолындағы ерлікке толы күрестің ой-идеясын екпінді ұран түрінде шыққан күйлердің бірі,– деп жүргізушілер Құрманғазының күйлерінің шығу тарихын көрермендерге әңгімеледі.

Күй, ән, өлең, би  шашу Тәуелсіздтіктің 31- жылдығына арналған сазды бағдарламаны жалғастырды. Дәулеткерей Шығайұлының  “Керғұлы” күйін солода Бөкен Ақжан бастап, оркестр орындаушылары  іліп алып жалғастырғаны көрермендердің ыстық ықыласын тудырды.   Оркестрдің жоғары кәсіби деңгейінің мысалы ретінде құрамынан құралған квинетті айтуға болады. 6  аспаптан тұратын ансамбль Сейдолла Бәйтерековтін “Кішкентай” күйін  орындады.

  CS “Dream Team” әншілері Камила Гилева мен  Еркін Айгерімнің  орындауында  «Ата мекен», «Туған жер», «Самға»  әндері шырқалды, Rakhyms club бишілері  халық билерін көрерменге тарту етті.

Сазды бағдарламаға зияткерлердің орындауындағы  жыр-өлеңдер ерекше бояу берді: 

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер,- деп Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан Алаңын» Томирис Бекенқызы мәнерлеп оқыды.

Поэзияда ел тәуелсіздігін жырлаған туындылар- Жұмекен Нәжімеденовтің   «Менің елім», Алмат Исәділдің  «Қазақстаным» өлеңдері Болат  Айдынұлының    және Инабат  Бауыржанқызының орындауында   жастардың шығармашылық қабілеттерін , поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

NIS шығармашылық топтарының жетекшілері: Бауыржан Айтжанов, Ертай Барлықов, Рахымжан Көшербаев.  

#тәуелсіздік күні

Categories:

Конкурстық іріктеудің тікелей эфирі 2024 ж.
Трансляция конкурсного отбора 2024 г.

X