NIS оқушысы Диана Асқарова «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық сыйлығының лауреаты атанды 

 

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы «Мәдениет» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.  Диана ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Мақпал Мұқановамен «Қазақстан тарихы бойынша визуалды новелла» атты тарихты  зерттеуге арналған ойын-қосымша әзірледі.


– Біз жобаны бір жылға жуық әзірледік. Ол көптеген функцияларды қамтиды және пайдаланушыларға өз елінің тарихын қызықты ойын арқылы зерттеуге мүмкіндік береді,– деді дарынды оқушы.

– Біздің жобаның қазіргі таңда өзектілігі мол. Достармен, жанұяда бос уақытты тиімді пайданалуға бағыттайды. Гаджетте уақыт өткізгенше пайдалы мәлімет алып, өзінің білімін тексеріп, шыңдауға бірден бір құрал деп айтуға болады,- деп бөлісті жетекшісі Мақпал Әбдусадыққызы.

#тәуелсіздікұрпақтары #НЗМ #NIS #НИШ

Categories: