«BOOKCROSSING» жобасы тірек мектебінің кітапханасын толықтырды

2022  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасы «Тірек мектептерінің әуелетін жоғарлату» жобасы, «Ауыл мектебін қолдайық» әлеуметтік акциясы, «BOOKCROSSING» жобасы аясында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде болып қайтты.

🌱Акция барысында «BOOKCROSSING» жобасы арқылы жинақталған 160 дана кітап, оның ішінде 65 қазақ, 88 орыс, 7 ағылшын тілдерінде көркем әдебиеттер мен ғылыми-танымдық әдебиеттерді сыйға тартылды.

🌱 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп директоры Макашова Эльмира Абилбековна:  

  • Мектебіміз бен ұжым, оқушылар үшін өте құнды сыйлық. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Сіздерге үлкен рақмет!  Білім нұры сіздерден сәуле болып келе берсін,–  деп  алғысын білдірді.

💐Барлық оқушылар мен мұғалімдерге белсенді қатысқандары үшін көп рақмет!

Categories: