Халықаралық журналының»Үздік мақала»номинациясы алматылық химия және биология бағытындағы NIS оқушысына табысталды

Алматы қаласы химия-биологиялық бағытындағы Зияткерлік мектебінің 10 «В» сынып оқушысы Милана Боровицкая орыс тілі мұғалімі Базаркүл Байбиисованың жетекшілігімен Орталық Азия аумағында таратылатын халықаралық «UDU» international scientific-educational journal» басылымына ғылыми мақала жазды:

– Адами құндылықтар жүйесінің тақырыбы әрқашан өзекті болады, өйткені ол біздің өмірге және принциптерге негізделген әрекеттерге көзқарасымызды қалыптастырады. Осы ұстаным мені осындай тақырыпқа мақала жазуға итермеледі. Сондай-ақ, мені «Ұлы дала ұстазы» журналына екінші рет жариялануға талпындырды, өйткені бір жыл бұрын мен «Үздік эссе»авторы атандым. Биылғы жылы арманым орындалып Базаркуль Шамратовнаның жетекшілігімен жазған жұмысымыз үшін «Үздік мақала авторы» атандым.

Журналдың соңғы санында жарияланған мақаламен мұғалім, жетекшісі Базаркүл Шамратқызы мен Милана Боровицина екі айдай айналысты. Олардың мақаласы журналдың ғылыми-педагогикалық мазмұнын толықтырды және үздіктердің бірі болып танылды.

Categories:

Конкурстық іріктеудің тікелей эфирі 2024 ж.
Трансляция конкурсного отбора 2024 г.

X