КОРЕЙ ТІЛІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ

💫

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Камилла Клим корей тілінен TOPIC (Test of Proficiency in Korean) емтиханын тапсыру бойынша үздіктер қатарына кірді.

TOPIC-ке тыңдау, оқу, және жазу секциялары кіреді. Осы секцияларға сәйкес емтихан корей тілін түсіну қабілетін анықтайды.
Камилла TOPIK-ті 5급6 /6 деңгейден 5 деңгейді/ тапсырып, 300 ұпайдан 218 ұпай жинады ,бұл ағылшын тіліндегі advanced баламасы.

– Мен осындай нәтижеге қажырлы еңбегімнің және корей тілін үйренуге деген үлкен ынтамның арқасында жеттім деп санаймын. Зияткерлік мектепте 7-сыныптан бастап мен корей тілін төртінші тіл ретінде үйрене бастадым, сабақтан тыс уақытты корей тілін үйренуге арнадым. 9-сыныпта корей мәдени орталығы бар екенін біліп, сабақтар кешкі уақытта болғанына қарамастан үнемі қатыса бастадым. 7-сыныптың аяғынан бастап бүгінгі күнге дейін мен күнделікті тілдің аспектілерін ашуға уақыт бөлемін және бұл маған өте ұнайды,– деді Камилла.

Зияткер Оңтүстік Кореяда оқуын жалғастыруға ниетті және сол елдің үздік университеттеріне құжаттарды тапсыру мерзімі басталуын күтуде.

Categories: