Алматы химия-биология бағытындағы NIS оқушыларының «OfourA» командасы «DARYN FIRST Championship» робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың іріктеу турының жеңімпазы атанды

Алматы химия-биология бағытындағы NIS оқушыларының «OfourA» командасы «DARYN FIRST Championship» робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың іріктеу турының жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. 9 «А» сынып оқушылары Омаров Арсен, Қосан Арлан, Аманкелдин Олжас, Елтай Әли және 9 «F» сынып оқушылары Альфия Байжақып «FIRST Lego League Challenge»бағытында үздік атанды.

«UStem robotics» қоғамдық қоры , Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры ұйымдастырған «FIRST Daryn 2023» фестивалінің іріктеу кезеңі осы күндері Сүлейман Демирел университетінде өтті.

FIRST фестивалі халықаралық ережелерге сәйкес өткізіледі. Оқушылардың жетекшілері: NIS мұғалімдері Ясинжан Шақан, Айбек Қалабай.

First (for Inspiration and Recognition of cience and echno ogy) халықаралық қозғалысы 1989 жылы АҚШ-та жастардың ғылыми-техникалық қызметке қызығушылығы мен қатысуын ояту мақсатында құрылды. First-XXI ғасырдағы білім беру және дағдыларды дамыту саласында нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін жастар коммерциялық емес ұйымы. Бағдарламаның халықаралық ауқымы мен түлектерінің саны бойынша FIRST осы саладағы олимпиадалар мен чемпионаттарды қоса алғанда, STEM сынды ұйымдар мен қозғалыстар арасында әлемде 1-ші орында. FIRST бағдарламасына қатысатын мектеп оқушылары жаратылыстану, технология, инженерия және математика салаларында білімдері мен дағдыларын дамытады, инженерлік қабілеттерін ашады және сонымен бірге қажырлы еңбектің, инновацияларды пайдаланудың және идеялармен бөлісудің құндылығын түсінеді.

Categories: