Еріктілер алдыңғы қатарда

💫Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің «OZEN ECO-VOLONTEER’S» еріктілік клубы және Сұңқар шаңырағы «Qamqor charity» қоғамдық қорының төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері Анарбаева Багдат Бекболатқызымен кездесу ұйымдастырды.

Зияткер- эковолонтерлер кездесу басында өздерінің атқарған іс-шаралары туралы баяндады. Алматы қаласының еріктілер қозғалысының басында тұрған Бағдат Бекболатқызы көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Қонақтың еріктілер жолында атқарған игі істерінің қатарында қала еріктілерінің, белсенділері мен тұрғындарының күшімен Қостанай облысында орын алған өрт кезінде зардап шеккен тұрғындарға 6 фургон гуманитарлық көмекті ұйымдастырып, «Жастар рухы» еріктілері жүктерді сол жерге дейін жеткізіп, зардап шеккендерге таратқанын сөзге тиек еткізді.

Сондай-ақ, Бағдат Анарбаева «QAMQOR CHARITY»-дің ағымдағы жұмысы туралы айтып берді.

Бүгінде олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен және жалғыз басты зейнеткерлермен белсенді жұмыс істейді. Жобалардың бірі – «Әлеуметтік шеберхана», оның аясында жоба серіктестері балалар үйі базасында мамандықтарды тегін оқытады. Бүгінде 20 бала мобилография, аспаздық, СММ курстарында оқиды.

Сонымен қатар, еріктілер қарт адамдар тұратын әлеуметтік үйлерге көмек көрсетеді. Онда олар бос уақыттарын арнайды. Сонымен бірге жалғызбасты зейнеткерлерге патронаж жүргізіледі.

Бағдат Бекболатқызы алдағы уақытта Зияткерлік мектептің волонтерлеріне қолдау көрсетіп, «OZEN ECO-VOLONTEER’S»еріктілер клубымен бірге жұмыс жүргізуге дайын екенін айтты.

Categories: