Халықаралық олипиаданың алтыны Зияткерлік мектеп қоржынын толықтырды.

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Амре Ерешев Тайланд елінде өткен International Math Challenge халықаралық олимпиаданың жеңімпазы  атанды.

Әлемнің 81 елінен қатысқан оқушылардың арасында Амре оза шауып, 1-орынға ие болды.

Зияткерге диплом мен  алтын медаль табысталды. Тренері- Алматы ХББ НЗМ оқытушысы, математика пәні мұғалімі Айбол Оразалиев.

– Олимпиада 20 есепті қамтыды, және жылдамдықты қажет етті. Бұл менің тәжірибемдегі бірінші халықаралық олимпиада,– деді Амре.

Дарынды оқушы желілік олимпиадалардың жүлдегері.

Categories: