XV Президент олимпиадасында NIS оқушысы жеңіс тұғырынан көрінді

💫💫

XV Президент олимпиадасында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12”А”- сынып оқушысы Аяла Батанова химия пәнінен абсолютты жеңімпаз атанды. Жалпы есепте 2-орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Олимпиада 2022 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында жаратылыстану-математика циклы бойынша өтті. Жалпы қатысушылар саны 200-ден асты.

Жетекшіcі: химия пәнінің мұғалімі Рахым Талпын.

Categories: