Қонаевтың 110-жылдығына орай: «Димаш атаның өмір жолы- таусылматын дария»

🌱Алматы қаласындағы химия және биология бағытындағы NIS-тің 9«N»- сынып оқушылары аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ширек ғасырға жуық Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай мұражай үйіне саяхат жасады.

Зияткерлер Дінмұхамед Ахметұлының үлгілі өмір жолы мен халқымыз үшін жасаған игілікті істерімен таныс болды.

Мұражай Дінмұхамед Қонаевты ұрпақтарға мәңгі есте қалдыру мақсатында 2002 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен ашылған.

Мұражайдың экспозициясы 3 мыңнан астам көрме қойылымдарынан тұрады. Олар негізінен мұражайға Дінмұхамед Ахмедұлының туыстары мен достары берілген құжаттар, фото және видеоматериалдар, портреттер, тұрмыс заттары, жеке басының заттары болып табылады.

– Димаш атаның өмір жолы – таусылмайтын дария… Бүгін мұражайда болдым, алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қонаев мұражайын көзінің қарашығындай етіп сақтап, осындай қалыпта халыққа жеткізіп отырған Диар Асқарұлына шексіз алғыс айтар едім ,– деп білдірді өз ойын 9 «N»- сынып Ромина Тян.

– Менің ойымша, Димаш атадай тұлғалардың мұражайы ерекше әсер беруі тиіс… Ол кісінің қаламын ұстап, орындығына отырып көргеннің өзі ерекше cезім береді. Көп сыйлақтарының ішіндегі өзіне қатты ұнағаны қайсысы, сүйікті кітабы бар ма екен, соны оқыса деген ой келді, – деп бөлісті өз ойымен зияткер Диас Темірұлы.

Categories: