Day: Ақпан 22, 2021

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар! Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Тестілеудің өткізілетін күні қосымша хабарланады. Тиісті ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің ресми сайттары мен барлық интернет ресурстарында жарияланады.