Ақпан – ашық сабақтар айы

Алматы химия-биология бағытындағы NIS-те ақпан айы бойы ашық сабақтар айы болды

Ашық сабақтар-бұл мұғалімнің кәсіби даму және тәжірибе алмасудың тиімді құралы, мұнда әр мұғалім өз сабағының режиссері десе болады. Ақпан айында өткізілген жалпы 80 ашық сабақ әртүрлі мақсаттарды камтыды: бейінді пәндер сабақтарында CLIL стратегияларын қолдану, математика және қоғамдық-гуманитарлық пәндер сабақтарында критериалды бағалау, менти өткізетін сабақтарда жаңа тәсілдер және аттестатталатын мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейіне байланысты өткізілетін сабақтарға қойылатын талаптарды орындау.

Мұғалімдер түрлі цифрлық технологияларды жан-жақты пайдалана білді. «Jambord», «Padlet», «Miro» онлайн-тақталарын және «Teams»платформасының басқа да қосымшаларын қолдану арқылы онлайн сабақтар өткізуде өз шеберліктерін көрсете алды.Бірінші жартыжылдықта мектепішілік курстар аясында өткізілген онлайн- вебинарларда пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту бойынша білім алып, бейінді пәндер мұғалімдері 29 ашық сабақта CLIL-дің » Placemat»,» Matching»,» Labeling»,» Jigsaw reading » сияқты түрлі стратегияларды практикада кеңінен қолданғандарын көрсетті.Мектептің жас мамандары бейімдеу бағдарламасына және тәлімгерлерінің кеңестеріне сүйене отырып, сабақтарда өздерінің кәсіби әлеуетін іске асырды және оқытуда өз дағдыларын шыңдады. Өз кезегінде олардың әріптестері, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, әкімшілік мүшелері де оларға керекті әдістемелік көмектерін көрсетті.Жалпы, тайм-менеджмент, оқыту әдістемесі және оқу материалын меңгеру, виртуалды сыныпты басқару, платформа арналарында жұптық және топтық жұмысты ұйымдастыру , басқа да оқу процесінде пайдаланатын тәсілдер мектеп педагогтарына өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге әрқашан ықпал етеді. Әсіресе, бүгінгі күні барлық білім беру ұйымдары онлайн-платформалардың көмегімен қашықтықтан білім беру қызметін ұйымдастырған кезде, NIS мұғалімдері осы процеске тән компоненттер мен құралдарды игеруді және іске асыруды жалғастыруда.

Categories:

Конкурстық іріктеудің тікелей эфирі 2024 ж.
Трансляция конкурсного отбора 2024 г.

X