Кейс-менеджментті NIS тәжірибесіне қалай енгізуге болады

            

Алматы химия-биологиялық бағытындағы NIS-те оқу тоқсаннын бастаған педагогикалық кеңес аясында «Мектептегі білім беру жүйесінің практикасына кейс-менеджментті енгізу» тренингі өтті. Тренингті мектеп психологтары мен директордың орынбасары Лаура Қыздарбековадан құралған, ЮНИСЕФ және Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс мектебінің кеңесшісі Людмила Кимнен арнайы оқытудан өткен шығармашылық топ өткізді.

Мұғалімдер мен кураторларға арналған тренинг тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, мектеп қоғамдастығында жайлы орта құруға, оқушыларға жеке көзқарасты дамытуға, жасөспірімдердің психоэмоционалды жағдайын бағалау дағдыларын игеруге және академиялық үлгерімде де, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан да проблемалар туындаған кезде қолдау көрсетуге дайын болуға бағытталған.

Тренингке қатысушылар топтарға бөлініп нақты кейсты талдады, кейіпкердің қиын жағдайын мысалға ала отырып, оның проблемалары мен қажеттіліктерін, айналасындағы адамдардың рөлін анықтауға, басқару құралдарын қолдану арқылы  жағдайды шешудің тиімді әдістерін әр түрлі тұрғыдан көрсетуге тырысты..

Тренинг тыңдаушыларға тиімді кейс-менеджмент қағидаттарын бірлескен процесс ретінде және оған барлық қатысушы тараптардың жалпы қатысуы, олардың дұрыс үйлестірілген іс-қимылдар арқылы оң нәтижеге қол жеткізу ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Кейс-менеджменттің түпкі мақсаты-отбасылар мен мектеп қауымдастығының әл-ауқаты.

 NIS директоры Гүлмира Мункеева тренингті қорытындылай келе, мұғалімдердің назарын мектептегі балалармен түрлі жағдайлардың туындау ықтималдығына аударды, сөздің кең мағынасында жанашыр педагог болуға, тиімділігі көп жылдық зерттеулермен және әлемдік практикамен дәлелденген кейс-менеджмент сияқты халықаралық әдістер мен құралдарды меңгеруге шақырды.

Categories: