Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Амре Ерешев Тайланд елінде өткен International Math Challenge халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Әлемнің 81 елінен қатысқан оқушылардың арасында Амре оза шауып, 1-орынға ие болды.
Зияткерге диплом мен алтын медаль табысталды. Тренері- Алматы ХББ НЗМ оқытушысы, математика пәні мұғалімі Айбол Оразалиев.
– Олимпиада 20 есепті қамтыды, және жылдамдықты қажет етті. Бұл менің тәжірибемдегі бірінші халықаралық олимпиада,– деді Амре.
Дарынды оқушы желілік олимпиадалардың жүлдегері.