«Туған елге тағзым» желілік байқау: алматылық зияткерлер үздік үштік қатарында.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеушілік экспедиция ізімен дүниеге келген жобалардың желілік байқауы өтті.

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 25 оқушысы бақ сынады.

12 «В» сынып оқушысы Шыңғысбек Балғабай желілік байқаудың «Жасыл ғаламшар» бағытында 1-ші орынды жеңіп алып, жабылу рәсімінде жобасын тікелей эфирде ағылшын тілінде қорғап шықты.
Зияткер «Өсімдіктердің ластануын бақылау жүйесін» іске асыратын құрылғыны Arduino платформасында әзірлеп шықты. Жобаның жаңашылдығы – арнайы датчиктер қоршаған ортаның және өсімдіктердің зиян газдармен, шаңмен ластануын график арқылы шығарып отырады.
– Құрылғыны бірден пайдалануға болады. Еліміздің экологиясын жақсартуға өз үлесін қосатынына сенімдімін,- деп Шыңғысбек өз ойын жеткізді.

Categories: