Бүгін Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңесінің біріккен онлайн-отырысы өтті. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері – қала әкімінің орынбасары Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров, Тұңғыш Президент-Елбасы Қоры жанындағы «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы» СЕО көшбасшысы Гүлмира Қорғанбаева, ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов, ҚР БҒМ ҒК «Жану проблемалары институты» РМК […]
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар! Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Тестілеудің өткізілетін күні қосымша хабарланады. Тиісті ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің ресми сайттары мен барлық интернет ресурстарында жарияланады.
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қарсаңында әр сыныпта шаңырақ сабақтары өтуде.  «Шымбұлақ» шаңырағының 10 «А» сынып оқушыларына куратор Айғаным Қалдыбай «”Елбасының дара жолы” тақырыбында онлайн-сабақ өткізді. Сабақта Елбасының өмірбаянына, тұлғалық қалыптасуының маңызды кезеңдеріне тоқтала кетіп, «Тұңғыш Президенттің жүргізген саясатының ұтымды бағыттары» сұрақ-жауап айдарында оқушыларды әңгімеге тартты. […]