«Үздік мұғалім -2022» байқауы жылды қорытындылады

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те «Үздік мұғалім- 2022» мектепшіл байқауы дәстүр бойынша жылды қорытындылады.

Екі айға жалғасқан  кәсіби сайысқа 10 мұғалім ниет білдірді. Алдыңғы кезеңдерден қорытындысы бойыншажылдық байқауға 6 үздік тәлімгер шықты.

Байқау нәтижесінде  Бас жүлдені информатика пәнінің мұғалімі – Мұқанова Мақпал Абдусадыққызы жеңіп алып, жылдың үздік мұғалімі атанды.

I орынды физика пәні мұғалімі Сандыбаев Ербол Есенәлиұлы иеленді.

II орын филолог  мамандар  – орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Байбиисова Базаркүл Шамратқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назиркулова Динара Әбдіғаппарқызына  берілді.

III орынды математика пәнінің мұғалімі Әсет Насихат пен дене шынықтыру мұғалімі Акешеев Абай Ибраимович  жеңіп алды.

Директор орынбасары Сайран Сембаева мұғалімдерді құттықтап ақшалай сертификаттарды табыстады.

Categories: