Жаңалықтар
NIS оқушыларының стартап жобалары Үздік танылды
12 қараша 2024 11:16
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Digital Jetisu Forum» өңірлік форумында жүлдегер атанды.
Жас инноваторлар қазылар алқасына өздерінің стартап идеяларын ұсынды. Диана Хасимова мен Артур Головановтың «TechVision» жобасы бірінші орынды иеленді. Бұл стартап көру қабілеті нашар адамдарға арналған құрылғылар желісін әзірлейді: Брайль шрифтін үйрету құрылғысы және нейрондық желіге негізделген қолма-қол ақшаны тану құрылғысы.
11-12 сынып оқушылары Іңкәр Құрманбаева, Аяулым Әлиева, Айым Бауыржанқызы «Green legend» стартапы екінші орын иегері атанды.
- Біздің планетамыздың экологиясына қамқорлық барған сайын танымал бола түсуде. Мүмкін болашақта роботтар табиғи ресурстарды қалпына келтіруге көмектеседі. Мұндай роботтарға мысал ретінде біздің жобамызды келтіруге болады. Робот автономды режимде жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді отырғызады, осылайша ормандарды қалпына келтіре алады, — деп қорытындылады оқушылар.
Стартап жобалар ақшалай сертификаттармен марапатталды.