« Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды.
Тестілеудің өткізілетін күні қосымша хабарланады. Тиісті ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің ресми сайттары мен барлық интернет ресурстарында жарияланады.
2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына қосымша «Жаратылыстану» бөлімін енгізу жоспарланып отыр.
Сол себепті, 2021 жылы «Жаратылыстану» тестінің апробациясы өткізіледі.
«Жаратылыстану» бөлімі бойынша апробациялық тест конкурстық іріктеудің бірінші күні «Сандық сипаттамалар» бөлімінен кейін өткізіледі. Тест 20 тапсырмадан тұрады. Ұзақтығы – 30 минут. Осылайша, конкурстың бірінші және екінші күндері тестілеу 2 сағаттан жүреді.
Конкурстық іріктеудің нәтижелерін статистикалық және психометриялық өңдеу кезінде апробацияның нәтижесі есептелмейді.
Үміткерлердің құжаттарын қабылдау
Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.
Онлайн брондау қызметін пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу;
2. «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
3. «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
4. Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;
5. Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;
6. Брондауды растау;
7. Барлық жиектер толтырылып, брон жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.
Зияткерлік мектепке келген жағдайда сақталатын санитарлық талаптар
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің жұғу қаупін азайту үшін белгіленген санитарлық-профилактикалық ережелерді ұстану, сондай-ақ короновирустық инфекция және ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда мектепке келуді кейінге калдыруды сұраймыз.
Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайы бойынша жүргізіледі:
Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
*Карантиндік шектеу шараларына байланысты үміткер медициналық анықтаманы алмаған жағдайда, аталған анықтаманы мектепке қабылданар алдында міндетті түрде тапсыруы қажет.
Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға
Онлайн брондау қызметін пайдалану үшін
«Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу және ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау