Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

« Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды.

Тестілеудің өткізілетін күні қосымша хабарланады. Тиісті ақпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің ресми сайттары мен барлық интернет ресурстарында жарияланады.

2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына қосымша «Жаратылыстану» бөлімін енгізу жоспарланып отыр.

Сол себепті, 2021 жылы «Жаратылыстану» тестінің апробациясы өткізіледі.
«Жаратылыстану» бөлімі бойынша апробациялық тест конкурстық іріктеудің бірінші күні «Сандық сипаттамалар» бөлімінен кейін өткізіледі. Тест 20 тапсырмадан тұрады. Ұзақтығы – 30 минут. Осылайша, конкурстың бірінші және екінші күндері тестілеу 2 сағаттан жүреді.

Конкурстық іріктеудің нәтижелерін статистикалық  және психометриялық өңдеу кезінде апробацияның нәтижесі есептелмейді.

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау

Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Онлайн брондау қызметін пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.        Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу;
2.        «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
3.        «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
4.        Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;

5.        Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;

6.        Брондауды растау;

7.        Барлық жиектер толтырылып, брон жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

Зияткерлік мектепке келген жағдайда сақталатын санитарлық талаптар

  1. Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектепке келу кезінде бетперденің болуы міндетті.
  2. Мектеп территориясында көрсеткіш белгілерімен жүріп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
  3. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа  тұлғалар жіберілмейді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің жұғу қаупін азайту үшін белгіленген санитарлық-профилактикалық ережелерді ұстану, сондай-ақ короновирустық инфекция және ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда мектепке келуді кейінге калдыруды сұраймыз.

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайы бойынша жүргізіледі:

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру; (жүктеп алу);
  2. Сауалнама толтыру (жүктеп алу);
  3. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. 086/у медициналық анықтама  формасы*;
  5. Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші  жартыжылдық табелі қабылданады). Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7-9 және 11-сыныптарында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға құқықтары жоқ;
    оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.
  6. Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.
    Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75%  алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

*Карантиндік шектеу шараларына байланысты үміткер медициналық анықтаманы алмаған жағдайда, аталған анықтаманы мектепке қабылданар алдында міндетті түрде тапсыруы қажет.

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

  1. өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;
  2. құжаттарың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

1. Сауалнама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға

2. Өтініш

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға

3. Нұсқаулық

Онлайн брондау қызметін пайдалану үшін

4. Брондау

«Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу және ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау